Қостанай облысында референдумға белсенді дайындық жүріп
жатыр. Аймақта дауыс беру күні 717 сайлау учаскесі ашылады. референдум жағдайы
бойынша дауыс беруге келе алмайтын, сондай-ақ шалғайдағы және жету қиын елді
мекен тұрғындарына өз үйінен дауыс беру мүмкіндігі ұсынылады. Ал дауыс беру
күні басқа елді мекенде болатын тұрғындар есептен шығару куәлігін ала алады.
Мұндай жағдайда учаскелік референдумға жазбаша өтініш беру қажет. Ал 15 наурызда
олар осы есептен шығару куәлігін нақты тұрған жеріндегі учаскеде көрсетіп, сол
жерде дауыс бере алады.
Александр Малашко, Қостанай облыстық сайлау комиссиясының
төрағасы:
- Кез келген азамат өзi тiркелген референдум учаскесiне
барып, дауыс беруге құқылы азаматтар тiзiмiнен өз аты-жөнін тексере алады. Бұған
қоса, «Сайлау Костанай.kz» сайтына кіріп, ЖСН деректерін енгізсе, өзінің сайлау
учаскесі мен оның нақты қай жерде орналасқаны автоматты түрде шығады.
Батыс Қазақстан облысының 450 мыңға жуық тұрғыны жаңа Конституция бойынша өтетін референдумға қатысуға құқылы. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясы хабарлады. Осылайша, өңірдегі дауыс беруді қамтамасыз ететін 500-ден астам учаскелік комиссия жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, 11 наурызда облыс тұрғындары үшін «Ашық есік күні» өткізіледі, онда тұрғындар өздерінің құқықтары туралы ақпарат алып, дауыс беру рәсімі туралы сұрақтар қоя алады. Ақпараттың кең таралуы үшін 14 call-орталық пен арнайы Telegram-бот іске қосылды. Қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке ерекше көңіл бөлінеді. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға да жағдай жасалған.
Шавхат Өтемісов, ҚР Орталық референдум комиссиясының хатшысы:
- Жалпы жақсы жұмыс жүргізіліп жатыр. Мемлекеттік орган өкілдері өз
есептерін берді. Осы жоспар бойынша Батыс Қазақстан облысында референдум жоғары
деңгейде өтеді деген ойдамыз.

