Қазақстан мен Таиланд медицина саласында әріптестік аясын кеңейтуге ниетті

Қазақстан мен Таиланд медицина саласында әріптестік аясын кеңейтуге ниетті

Қазақстан мен Таиланд медицина саласында әріптестікті арттырады. Астанада Оңтүстік Азия елінен келген үздік дәрігерлердің қатысуымен академиялық симпозиумдар өтіп жатыр. Тай мамандары әріптестерінің жұмысымен танысып, онкология бағытындағы қазақстандық тәжірибені зерделеуге ниетті. Делегация құрамында медициналық инновациялар мен робототехника саласындағы жетекші компания өкілдері де бар. Екі ел арасында саясат, сауда және туризм салаларында белсенді байланыс орнаған. Тараптар медициналық бағытта да терең ықпалдастыққа жол ашылатынына сенімді.


Пияпин Нийомреркс, Қазақстандағы Таиланд корольдігінің төтенше және өкілетті елшісі:


- Бұған дейін Таиланд пен Қазақстанның осы саладағы өзара іс-қимылы негізінен техникалық көмекке бағытталған болатын. Алайда, бүгінде біз оны кеңейтудің айтарлықтай әлеуеттін көріп отырмыз. Онкология, мультидисциплинарлық медициналық көмек және сауықтыру бағытқа назар салып отырмыз.


Сутхат Фучароэн, Samitivej Hospital онколог-дәрігері:

- Біз ғалымдар мен дәрігерлер арасындағы ынтымақтастықты, соның ішінде Қазақстан мен Таиланд ауруханаларының өзара байланысын күтеміз. Технологиялар алмасу және мамандарды оқыту мүмкіндігі бар. Біз Қазақстан мен Таиланд арасындағы толыққанды ынтымақтастыққа үміттенеміз. Оның ішінде кадрлар даярлау, технологиялар трансферті және пациенттерді емдеу бағыттары бар.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?