Қазақстанда ревакцинация қашан басталады? ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой фейсбуктегі парақшасында осы сұраққа жауап берді. Министрдің айтуынша, қайта иммундау шарасы биыл қарашаның III онкүндігінен басталады. Әдеттегідей ревакцинациялауға бірінші кезекте медицина мамандары, педагогтер, жергілікті өзін-өзі басқару, жабық мекемелердің және қарулы күш құрылымдарының қызметкерлері жіберіледі. Сондай-ақ 60 жастан асқан және өздігінен зерттеуден өткен және КВИ-ге қарсы антиденелерге теріс тест нәтижесі бар азаматтар. Ревакцинация үшін вакцинаның 1 ғана дозасы пайдаланылады және ол 6-9 айдан кейін жасалады, - деді министр.