Өткен тәулікте тағы 584 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 150 427 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 766 COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 164 477.
Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:
Нұр-Сұлтан қаласы - 19449
Алматы қаласы - 19858
Шымкент қаласы - 5638
Ақмола облысы - 7958
Ақтөбе облысы - 3767
Алматы облысы - 7792
Атырау облысы - 14539
Шығыс Қазақстан облысы – 19358
Жамбыл облысы - 5174
Батыс Қазақстан облысы - 9712
Қарағанды облысы - 12531
Қостанай облысы - 8305
Қызылорда облысы - 3452
Маңғыстау облысы - 3825
Павлодар облысы – 10028
Солтүстік Қазақстан облысы – 9291
Түркістан облысы – 3800
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 124 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 173 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 46 499, 530 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 34 118 жетті.