Қазақстан IMD-2023 Дүниежүзілік бәсекеге қабілеттілік рейтингіндегі орнын жақсартты

Қазақстан IMD-2023 Дүниежүзілік бәсекеге қабілеттілік рейтингіндегі орнын жақсартты

Қазақстан дүниежүзілік бәсекеге қабілеттілік рейтингіндегі көрсеткішін жақсартты. Халықаралық менеджментті дамыту институты  барлығы 64 мемлекетті  бағалады. Аталмыш рейтингте Қазақстан 37-орынға тұрақтады. Бұл тізімде республика Кувейт, Португалия, Үндістаннан алда келеді. Көшбасшыларға келетін болсақ, рейтингте бірінші орында Дания тұр. Сондай-ақ, ТОП-5 мемлекеттерге Ирландия, Швейцария, Сингапур және Нидерланды кіреді. Жалпы бәсекеге қабілеттілік рейтингі келесі факторларды бағалайды: бұл -  «Экономикалық қызмет», «Үкіметтің тиімділігі», «Бизнестің тиімділігі» және «Инфрақұрылым». Қазақстан барлық осы көрсеткіштер бойынша өз позициясын 2-ден 15-ке пунктке дейін жақсартты.