Енді қазақстандықтар ішкі әуе рейстеріне цифрлық құжаттарын пайдалана алады. Бұл туралы азаматтық авиация комитеті хабарлады. Қазір елдің барлық әуежайына «eGov mobile» сервисі енгізілген. Әуежайда ыңғайлы қызметті пайдалану үшін «eGov mobile» қосымшасына кіріп, «Цифрлық құжаттар» қызметін таңдап, тізімнен жеке куәлікті басу керек. Бірақ сервиске алдын ала тіркелу қажет. Әуежайда рейске отырғызу немесе құжаттарды рәсімдеу басталған кезде электронды куәлік мамандарға көрсетіледі.