Қазақстан мен Израиль тікелей әуе қатынасын ашу мәселесін қарастыруда. Бұл туралы еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Бұл республиканың туристік және транзиттік әлеуетін дамытуға, сондай-ақ өзара мәдени іс-қимылға, сауда-экономикалық ынтымақтастыққа ықпал ететінін атап өтті. Қазір Израиль азаматтары үшін Қазақстанға визасыз кіруге рұқсат етілді. Айта кету керек, бүгінде еліміздегі 11 әуежайда ашық аспан режимі енгізілді, 28 елмен 102 бағыт бойынша халықаралық әуе қатынасы қалпына келтірілді.