Қазақстан мен Италия бірлескен брендпен тауар өндіруді жоспарлап отыр. Екі ел кәсіпкерлері «Made in Kazakhstan with Italy» деген жазуы болатын бірыңғай сауда маркасымен тауар шығармақ. Әзірге бұл мәселе тек талқылану үстінде.
Дегенмен, болжам бойынша италиялық нарықта жоғары сұранысқа ие болады деген тауардың бірі – жылқы еті. Сарапшылардың айтуынша еліміз ЕО мемлекетіне органикалық, мұздатылған еттен бөлек, уылдырық пен балды да экспорттай алатын әлеуеті жеткілікті. Жалпы жыл сайын Италия 140 млн доллардан астам сомаға жылқы етін импорттайды. Отандық өндірушілерді қолдау үшін, қазақстанда шығарылатын тауарлардың тізбегін жасау жоспарлануда. Бұл туралы сауда министрлігі хабарлады. Ведомство, ол тұғырнама барлық тараптарға қолжетімді және отандық тауарлар туралы ақпарат тарататын жалғыз ресурс болатынын да мәлімдеді. Бүгінде өңдеу өнеркәсібіне байланысты Қазақстанның Италияға экспорт әлеуеті 260 млн доллардан асады.
Өз кезегінде Италия органикалық азық-түлік сатып алуға мүдделілік танытып отыр.