Қазақстан мен Ислам даму банкі ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан мен Ислам даму банкі ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан Орталық Азияның басқа елдері үшін экономикалық әртараптандыру бағытында үлгі бола алады. Бұл туралы біздің телеарнаға берген эксклюзивті сұхбатында Ислам даму банкінің вице-президенті Рами Ахмад айтты. Сондай-ақ, ол халықаралық қаржы ұйымы еліміздің су инфрақұрылымын жақсарту жобаларына бір миллиард доллардан астам қаражат бөлетінін жеткізді. Қаражат республиканың және бүкіл өңірдің су қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталады. Сарапшы Қазақстанның Орталық Азиядағы банк серіктестері арасында маңызды орын алатынын атап өтті. Айта кетейік, бұл күндері Алжирде Ислам даму банкі тобының жыл сайынғы жиндары өтуде. Оларға қаржы ұйымына мүше 57 елдің, қаржы, экономика, халықаралық даму және жоспарлау министрлері қатысып жатыр. Оның ішінде Қазақстан өкілдері де бар.


Рами Ахмад, Ислам даму банкінің пице-президенті:


- Қазақстан Орталық Азия елдері үшін үлгі ретінде маңызды рөл атқара алады және біз Қазақстанмен одан да белсенді және жемісті ынтымақтастыққа үміт артамыз. Бұл Ислам даму банкі Қазақстанға қалай көмектесе алады деген ғана емес, оның табысты мысалдарын басқа елдер мен өңірлерге қалай тарата аламыз деген бағыттағы жұмыстар.

 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?