Өткен аптада әлемде маймыл шешегін жұқтыру деңгейі 20%-ке азайды. Еуропада ауру бәсеңсіп келеді. Бұл туралы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы хабарлады. Ұйымның келтірген деректеріне сәйкес жаңа жағдайлардың 60%-ке жуығы Америка континентіндегі елдерге тиесілі. Ал, қалған 40% Еуропада расталған. Маймыл шешегіне қарсы вакцинаға келетін болсақ, қазіргі уақытта ДДСҰ олардың тиімділігін зерттеу үстінде. Өз кезегінде Халықаралық ұйымның бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус үкіметті егде жастағы адамдарға, медицина қызметкерлеріне және қауіпті топтағы барлық адамдарға вакциналау жұмыстарын күшейтуге, сондай-ақ халықтың 70%-ін иммундаудан өткізуге шақырды.