Медицина саласында кім озық? Денсаулық сақтау жүйесінің сапасы жағынан Қазақстан «Numbeo» рейтингінде Ресей, Украина, Беларусь және Әзербайжанды артқа тастады.
Біздің республика 95 елдің ішінде 58-орынға жайғасты. Қазақстанның индексі 60% құрады.
Еске сала кетейік, бұл көрсеткіш 100-ге жақындаған сайын, сол немесе басқа мемлекеттің денсаулық сақтау жүйесі жақсы деп саналады. Мұнда мамандардың, жабдықтардың, персоналдың, дәрігерлердің сапасы, қызметтердің бағасы және басқа көрсеткіштер бағаланады. Сондай-ақ Тайвань, Оңтүстік Корея және Франция саланың үздіктері атанғанын айта кеткен жөн. Соңғы орында Венесуэла тұр.