Қазақстанда өткен тәулікте 1302 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Осылайша, ел бойынша жазылғандар саны – 136 365 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 736 COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 150 198.
Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:
Нұр-Сұлтан қаласы 17972 (+60)
Алматы қаласы 17885 (+95)
Шымкент қаласы 5473 (+3)
Ақмола облысы 6861 (+58)
Ақтөбе облысы 3657 (+11)
Алматы облысы 6726 (+61)
Атырау облысы 12806 (+62)
Шығыс Қазақстан облысы 18552 (+61)
Жамбыл облысы 4900 (+15)
Батыс Қазақстан облысы 8963 (+29)
Қарағанды облысы 11836 (+37)
Қостанай облысы 7137 (+65)
Қызылорда облысы 3359 (+4)
Маңғыстау облысы 3639 (+12)
Павлодар облысы 8608 (+93)
Солтүстік Қазақстан облысы 8216 (+61)
Түркістан облысы 3608 (+9)
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 154 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 73 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 45 105, 486 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 32 596 жетті.