Қатерлі ісікке қарсы қазақстандық дәрі сынақтың екі кезеңінен сәтті өтті

Қатерлі ісікке қарсы қазақстандық дәрі сынақтың екі кезеңінен сәтті өтті

Қазақстандық ғалымдар әзірлеген қатерлі ісікке қарсы препарат клиникалық сынақтың екі бастапқы кезеңінен сәтті өтті. Бұл жөнінде  елдің Ұлттық Ғылым академиясының вице-президенті мәлімдеді. Дос Сарбасовтың айтуынша, дәрі қатерлі ісік жасушаларын жоюмен қатар, өсуін де тежейді, сонымен қатар ол    химиялық терапия кезінде айықпас дерттің соңғы сатысында қолданылады. Отандық препарат Қазақ онкология және радиология институтында сыналып жатыр. Дәрігерлер уыттылықтың жоқтығын растап пациенттерге берілетін дәрілік дозаның көлемін екі есеге ұлғайтты. Айта кетейік, қазақстандық препарат халықаралық патентке ие.

Дос Сарбасов, ҚР Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті:

- Бақылау тобында болған 5 пациенттің жағдайын тұрақтандыруға әсер етті. Ісік өскен жоқ, Бір науқаста ісік 30 процентке азайды. Яғни, кішкентай дозаны қолданғанның өзінде тиімділігі жоғары екенін көрсетті. Сондықтан біз бұл мәліметтерді алғанда қуандық. Бұл әзірге тек бастапқы әсері. Бұл препараттың жұмыс істеуі мүмкін екенін көрсетеді. Бізге осы істі соңына дейін жеткізу керек.

Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?