Шымкент тұрғындары 100% ковидке қарсы екпе алды. Қала билігі халықты вакциналау жоспарының орындалғанын хабарлады. Осылайша өңірде вакцинаның қос компонентін 454 мыңнан аса тұрғын салдырыпты. «Бүгінгі күні вакциналауға жататын 536 мың азаматтың барлығы індетке қарсы екпенің бірінші компонентін салдырған. Бұған қоса бұл категорияға қосымша 60 мың адам қосылған», – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ үшінші мегаполисте коронавирусты жұқтыру жағдайының айтарлықтай төмендегенін атап өткен жөн. Өткен тәулікте мұнда вирус жұқтырудың 28 жағдайы тіркелген. Осыған байланысты мегаполис бүгінде қауіпсіз «жасыл» аймақ санатында.