Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары онкологиялық ауруларға қатысты сұрақтар бойынша тегін консультациялар өткізеді. Сұрақ-жауап түріндегі шара әлеуметтік желілерде ұйымдастырылады. Ведомствоның ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, амбулаториялық жағдайларда қатерлі ісікке күдікті пациенттерге мамандардың консультациясы және тексеру «жасыл дәліз» бойынша – жалпы кезектілік пен шектеулерден тыс, он сегіз жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Онкологияға күдік болған жағдайда МРТ және КТ тегін жүргізіледі.