Азия Даму банкі 2025 жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 4,9% өседі деп болжам жасап отыр. Экономикалық өсімінің жеделдеуіне Теңіздегі Future Growth Expansion жобасын іске қосқан кезде күтілетін мұнай өндірісінің ұлғаюы ықпал етеді. Сарапшылардың пікірінше, елімізге өсім қарқынын сақтау үшін мемлекеттік қаржыны басқару жүйесін нығайту және бюджеттік басқару сапасын арттыру қажет. Осы шаралар мен жеке секторды дамытуға бағытталған құрылымдық реформалар экономиканың сыртқы сын-қатерлерге төтеп беру қабілетін нығайтады. Сондай-ақ, сарапшылар елдегі инфляция деңгейі төмендейді деп болжайды. Олардың пікірінше, Қазақстандағы қатаң ақша-несие саясаты мен тұрақты валюта курсы бағаның өсуін тежейтін болады.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

