Қазақстанда бірнеше жасыл жоба іске қосылады

Қазақстанда бірнеше жасыл жоба іске қосылады

Қазақстанда қайта жаңғыртылатын энергия көздерінің тағы бірнеше кешені іске қосылады. Қызылорда облысында құны 12 млрд теңгені құрайтын күн станциясын іске қосу жоспарланған. Әкімдік тарапы берген ақпаратқа сүйенсек, станция құрылысына арналған жер учаскесі бөлініп қойды. Облыста осындай 9 станция жұмыс істеп тұр. Олардың қуаты  88 МВт-ты қүрайды.Оның үшеуінде шетелдік инвесторлардың үлесі бар. Бұл Ұлыбритания, Франция және Ресейлік инвесторлар. Ал қытайлық компания Жетісу облысы аумағында жел станциясын салуға қаржы құймақ.   Қуаты 50 МВт-тан асатын жоба құны  23,5 млрд теңгеге бағаланып отыр. Сонымен қатар аймақта баламалы энергия саласына тиесілі 3 жаңа нысан бой көтереді. Су электр станциясының құрылысына қазақстандық іскерлер қаржы құйған. Тағы бір жел электр стансасы Жамбыл облысында салынуы мүмкін. Оның қуаты  1 ГВт-ты құрамақ. Жобаны жүзеге асыруға Қытай инвесторлары мүдделік танытып отыр.