Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурға мемлекеттік сапармен барды. Мемлекет басшысын Сингапур Президенті Тарман Шанмугаратнам қарсы алды.
Дәстүрге сай, Қазақстан мен Сингапурдың әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді.
Салтанатты рәсімнен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тарман Шанмугаратнам келіссөз өтетін залға барды.
Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурдың жоғары басшылығымен, халықаралық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді және Қазақстан-Сингапур бизнес форумының жұмысына қатысуы жоспарланған.