2025 жылы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толады. Мемлекет басшысы аса көрнекті композитордың мерейтойын кең көлемде атап өту қажет екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев «Отырар сазы» оркестрінің жетекшісі Динара Тілендиеваны қабылдады. Кездесу барысында қазақ мәдениетін дамыту мәселелері талқыланды. Динара Тілендиева бірқатар перспективті жобаны жүзеге асыру жайында, оның ішінде италиялық тенор Андреа Бочеллидің репертуарындағы және басқа да қазақтың халық аспаптарында ойнайтын белгілі музыканттардың танымал шығармаларын орындау жөнінде баяндады.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын да қабылдады. Кездесуде Президент Қазақстан мұсылмандарын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады. Бас мүфти діни басқарманың Ораза айында ұйымдастыратын шараларына тоқталып, алдағы уақытта түркітілдес елдердің бас мүфтилерінің алқасы құрылатынын жеткізді.