Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Берік Уәлиді қабылдады. Президентке агенттік құрамындағы телеарналардың жұмысы туралы баяндалды.
Берік Уәли Мемлекет басшысына алдағы кезеңде іске қосуға жоспарланған жобалар мен ақпараттық, қоғамдық-саяси, танымдық бағыттағы контенттер жасау жөнінде айтты. Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруда Агенттіктің маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, «Хабар» телеарналар тобының жұмысын заман талабына сәйкестендіруді тапсырды.