«Хандар шежіресі» қолжазбасы ЮНЕСКО-ның халықаралық тізіміне енді

«Хандар шежіресі» қолжазбасы ЮНЕСКО-ның халықаралық тізіміне енді

«Хандар шежіресі» қолжазбасы ЮНЕСКО-ның халықаралық «Әлем жады» тізіміне енді. Париждегі ұйымның бас пәтерінде Атқарушы кеңестің 221-ші сессиясында осындай шешім шығарылды. Жаһан мойындап отырған бұл бірегей жәдігер қазақ хандарының шежіресі бай екенін аңғартады. Сондай-ақ, тарихи тұлғалардың шығу тегін және өзге халықтармен байланысын айқындауға мүмкіндік береді. «Хандар шежіресі» ұзындығы 3 метрден асатын, XVIII ғасырда шағатай тілінде жазылған бүктеме қағаз түріндегі құжат. Айта кетейік, бұған дейін осы тізімге Қожа Ахмет Ясауи қолжазбалары, «Невада-Семей» антиядролық қозғалысына қатысты мұрағат материалдары және Арал теңізінің архивтік қоры енгізілген.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?