IT-Aiel жобасының алғашқы қорытындысы шықты

Astana hub халықаралық технопаркі – IT-Aiel бағдарламасының алғашқы қорытындысын шығарып, үздік бес қатысушысының жобаларын таныстырды. Жалпы биыл 1300 қазақстандық нәзік жанды бағдарламалау дағдыларын игеруге мүмкіндік алды. Қатысушылардың дені 2 ай ішінде курсты толығымен тамамдап, алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде тұйықтады. Жоба аясында өзінің IT  өнімін жасап шығарғандардың бірі – Әлия Оразымбетова. Ол балаларға компьютерлік және қаржылық сауаттылықты үйретуге арналған платформа әзірлеген.

Әлия Оразымбетова, жоба қатысушысы:
-
Астана қаласында - мектеп жасына дейінгі балаларға арналған IT-бала білім беру орталығын ашу жоспарда бар. Меніңше ойымша, дәл қазір ноу-код бағдарламалау бағытына жастайынан баулу маңызды. Бұл бағыт қазір аса өзекті. Оның өзіне оқу тегін болса ата-анаға жақсы демеу болады деп ойлаймын. 

Оқу курсын игеру бала күтімінде жүрген әйелдерге ыңғайлы әрі қолжетімді болу үшін толықтай онлайн режимінде өтеді. Бағдарлама негізгі компьютерлік сауаттылық пен дағдыларды қамтиды. Сондай-ақ қатысушылар Nо code және Low code School бағдарламаларын меңгеріп шығады.

Алина Абдрахманова, Astana HUB-тың басқарушы директоры:
-
Бұл бағдарламаға қатысушылардың алғашқы легі. Оқу тамыз айының бірінен басталып, қазанның 20-да аяқталды. Әлі бағдарламаны бәрі бірдей толық меңгеріп шыққан жоқ. Жалпы бұл бағдарламаның басты мақсаты табыс көзі жоқ әйелдерге жаңа дағдылары арқылы желіге шығып, онлайн түрде напақа табуға үйрету. Мәселен, ноу-код және лоу-код құралдары дайын шаблондар негізінде веб-сайттар, қосымшалар, маркет-плейстер құруға мүмкіндік береді.