Астанада Ұлттық спорт түрлерінің VI фестивалі басталды

Астанада Ұлттық спорт түрлерінің VI фестивалі басталды

Астанада Ұлттық спорт түрлерінен VI фестиваль басталды. Оған еліміздің барлық өңірінен спортшылар қатысуда. Бір апта бойы олар асық ату, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, көкпар, бәйге, теңге ілу, жамбы ату, аударыспақ, дәстүрлі садақ ату бойынша сайысқа түсіп, жекпе жектен шеберліктері мен күш-қуатын көрсетеді. 4 жылда бір ұйымдастырылатын фестиваль қорытындысы бойынша үздік 3 өңір анықталады.

 

Бақдәулет Сәбитов, Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры:

- Бұл шара бір жағынан халықаралалық доданын алдындағы бір старт десек де болады. Фестиваль өзінің 20 жылдық жылында жан-жақты жетіліп келеді. Кезіңде фестивальдің бағдарламасында біздің қыз қуу деген өнерімізде болған, өкінішке орай соңғы кездері біз оны спорт түрінен алып, ойын түріне қосып отырмыз. Және де былтыр, 2022 жылы спорт түрі ретінде дәстіүрлі садақ ату, енді оны да біз орталыққа тіркеп, министрлік тарапынан толыққанды жағдай жасап жатырмыз.