Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Алматыға бейресми сапармен келді. Тедрос Адханом Гебрейесус республиканың Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятпен бірге Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде болды. Онда Дүниежүзілік ұйым басшысы оқу орнының тарихымен, сондай-ақ денсаулық сақтау саласын дамытуға және коронавирустық пандемиямен күреске қосқан үлесімен танысты. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәртебелі мейманға «Ұлт денсаулығы» жалпыұлттық жобасының жүзеге асырылу барысы мен өзі басқаратын ведомствоның 2025 жылға дейінгі міндеттері туралы айтты.