Қ.Тоқаев Германия Федеративтік Республикасына ресми сапармен барады

Қ.Тоқаев Германия Федеративтік Республикасына ресми сапармен барады

Мемлекет басшысы 28-29 қыркүйек күндері Германия Федеративтік Республикасына ресми сапармен барады. Қасым-Жомарт Тоқаев Берлинде Федералдық Канцлер Олаф Шольцпен және Федералдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен келіссөз жүргізеді. Сонымен қатар Президент Орталық Азия және Германия мемлекеттері басшыларының кездесуіне қатысады деп жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, сапар аясында президент халықаралық Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйлейді және Германияның іскерлік қоғамдастығы өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.