Қарағанды облысына 645 млрд теңге жуық инвестиция тартылды

Қарағанды облысына 645 млрд теңге жуық инвестиция тартылды

Жыл басынан бері Қарағанды өңіріне шамамен 645 млрд теңге инвестиция тартылды. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 8 айдың ішінде 3 трлн теңгеден асты. Қазақстан Президентіне аталған облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев аймақтың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық даму барысы жөнінде баяндады. Биыл өлкеде 29 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Жалпы металлургия, машина жасау, ауыл шаруашылығы, жеңіл және тамақ өнеркәсібінде өндіріс көлемінің өсімі байқалды. Бұдан басқа, «Garmet» кәсіпорындарын жаңғырту жүргізілуде. Жыл басынан бері компания осы мақсатқа 110 млрд теңге инвестиция салды.  

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?