Тестілеуге барлығы 123 мыңға жуық талапкер қатысты. Емтихан қорытындысы бойынша 102 мыңға жуық талапкер шекті балл жинаған. Бұл барлық қатысушылардың 83%-ін құрайды. Ал жалпы орташа балл 76-ны құрады. 5 талапкер ең жоғары 139 баллды жинады. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәлімдеді.
Руслан Емелбаев, ҚР ҒЖБМ ұлттық тестілеу орталығының директоры:
- Қаңтар ҰБТ-сын 08,24 барлық талапкерлер тапсыра алмайды. Оның категориясы алдын ала белгіленген. Олар ЖОО шарты негізде қабылданған 1 курс студенттері, сонымен қатар шығармашылық білім беру тобынан басқа дайындық бағыттарына, сондай-ақ, педагогикалық бағытқа ақылы негізде ауысқысы келетіндер. Сонымен ағымдағы жылдың 11-12, яғни бітіруші сынып түлектері қатыса алады. Жалпы тест тапсырушылардың 95 мыңы, яғни 77% – қазақ тілінде, 23% – орыс тілінде, 91 мың тестіленуші ағылшын тілінде тест тапсырған. 274 оқушы ерекше білім беру қажеттілігі бар талапкер де осы қаңтар ҰБТ тапсырған болатын.