Қазақстандық режиссер Эмир Байғазиннің жаңа картинасы Канаданың Торонто фестивалінде таныстырылады. «Өмір» атты туынды «Қазіргі заманғы әлемдік кино» секциясында ұсынылатын болады. Фильмнің түсірілім жұмыстары 2019 жылдың күзінде басталып, үш жылға жалғасқан. Түсірілім тобы Қазақстанда және Тайланд елінде жұмыс істеді. Фильмдегі басты рольді Еркебұлан Тасынов сомдаған.