Бейбітшілік пен келісімнің, достық пен мейрімділіктің мерекесі. Бұл – Қазақстанның тағдыр тоғыстырған көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні. Бүгінде республикада 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Қазақстандық ұлтаралық келісімнің тәжірибесі әлемнің өзге елдеріне үлгі. «Жылдар ішінде бұл күн ел азаматтарының адамгершілік қарым-қатынасының өнегелі өлшеміне, халқымыз үшін айтулы ізгі дәстүрге айналды», – дейді Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Наталья Калашникова.
Наталья Калашникова, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі:
- Бұл – еске алу күні. Сонау қиын-қыстау күндері Қазақстанға еріксіз қоныс аударған түрлі этнос өкілінің естеліктерімен тығыс байланысты күн. Бүгінгі таңда ғылыми-сараптамалық алаңдарда этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, ғылыми-сараптамалық қауымдастық сол күндерді еске алады. Еске алып қоймай, өз алғыстарын түрлі жолмен білдіреді. Егер де біздің елдің картасын қарасақ, әр өңірде этномәдени бірлестіктердің бастамасы және Елшіліктің қолдауымен мысалы, Корея мемлекеті сияқты қазақ халқына алғыс ретінде қойылған ескерткіштерді байқауға болады.
Авторы: Ақзер Сегізбай