Иммигранттардың елде болу мерзімі ұзартылды

Қазақстанда иммигранттардың рұқсатнама мерзімі ұзартылды. Енді елде уақытша болуға рұқсат қағаздарының мерзімі өтіп кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқтарды әкімшілік жауапкершілікке тартпай, елден шығуына рұқсат беріледі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

САБЫРЖАН СЕЙІТЖАНОВ, ҚР ІІМ КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Шетелдіктердің азаматтығы бар елмен немесе тұрақты тұратын елмен тікелей көліктік, әуе, авто және теміржол қатынастары болмаған жағдайда, сондай-ақ жаяу және транзиттік жолдар болмаған жағдайда шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды сот шешімемен елден шығару шешімінің мерзімін өздігінен орындауды тоқтатылады.

Көші-қон туралы заңға сай, еңбекші иммигранттың Қазақстанда тұру мерзімі 12 айдан аспауы тиіс. Бірақ коронавирус инфекциясына байланысты шекаралар жабылып, жүріп-тұру қиындады. Сондықтан Қазақстанда қалып қойған, бірақ құжаттарының мерзімі өткен азаматтар 2021 жылдың 5 маусымына дейін көші-қон полициясында өз статусын реттеуіне мұрсат беріліп отыр. Министрліктің хабарлауынша, құқықтық мәртебесін заңмен реттемеген шетелдік азаматтар жауапкершілікке тартылады.