Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге Ұжымдық қауіпсіздік шарт туралы ұйымының саммитіне қатысу үшін келді. Кездесу бүгін Кремльде өтеді. Еске салайық, саммит Ұжымдық қауіпсіздік шартқа қол қойылғанына 30 жыл және ұйымның құрылғанына 20 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Қазір Ұйымның құрамына 6 мемлекет – Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді.