Қ.Тоқаев ISSF және ASC басшыларымен спорттың нысана көздеу түрін дамытуды талқылады

Қ.Тоқаев ISSF және ASC басшыларымен спорттың нысана көздеу түрін дамытуды талқылады

Мемлекет басшысы Халықаралық нысана көздеу федерациясы және Нысана көздеуден Азия конфедерациясының жетекшілері - Лучано Росси және шейх Салман Сабах әл-Салем ас-Сабахты қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз спорттың нысана көздеу түрлерін дамытуға бұрыннан ерекше мән беретінін атап өтті. Мемлекет басшысы нысана көздеу және стенд ату спортын дамытуға дайын екенін жеткізіп, шетелдік серіктестермен ықпалдастықты кеңейту үшін қажетті шаралар қабылдайтынын айтты. Әңгімелесу барысында еліміздегі нысана көздеу кешендерінің материалдық-техникалық базасын жаңғырту, спортшыларды даярлаудың заманауи әдістемесін енгізу, сондай-ақ жастармен, балалар және жасөспірімдердің спорт клубтарымен жұмыс бағдарламасын кеңейту мәселелері талқыланды. Қазақстан Президенті федерация жетекшілерін ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?