Әйел-программистер елордалық жоғары технологиялар мектебінде оқуға түсуге берілетін грант үшін таласады. Байқауға ТМД елдерінен IT саласының маманы болғысы келетіндер қатыса алады. Кремний алқабының платформалық бағдарламалау мектебінде оқу шығыны толықтай өтеледі. Студенттер веб-әзірлеу, деректерді талдау және бағдарламалық қамтамасыз етуді жасау сияқты сұранысқа ие IT-бағыттарды тегін меңгереді.
Өтініш берушілерге мотивациялық эссе жазу, содан кейін жеке әңгімелесуден өту керек. «Астана» Халықаралық қаржы орталығы іріктеуден өткендерге бұған дейінгі жиып-терген ілімдерін ғана емес, жаңалыққа ұмтылу талабын қойып отыр. Яғни бұл салада өз ісін енді бастап келетіндер де бағын сынай алады. Озық тәжірибені үйрену мүмкіндігін 20 қатысушы ғана пайдалана ала алады. Осы уақытқа дейін 100-ден астам өтініш келіп түскен.
Эльмира Обри, АХҚО бюросының басшысы:
- Бүкіл әлем бойынша бағдарламалау мектебі дүниежүзілік агрегатының мәліметтеріне сәйкес, осы саладағы әйелдер саны 32-ден 49% дейін өсті. Бұл – бүкіл әлем бойынша статистика. Біз Қазақстанда да дәл осы салада қыз-келіншектер мен әйелдер санының көбейгенін қалаймыз. Сонықтан да осындай байқау ұйымдастыруды жөн көрдік. Жұмысқа орналасу мүмкіндігі өте жоғары. Қазірдің өзінде қазақстандық және халықаралық компаниялар түлектерімізді жұмысқа шақырып, кезекке тұрған.
Жеңімпаздар 9 айға созылатын сабақ бағдарламасын қашықтан меңгереді. Грант иеленетін қатысушылар қазірден бастап өз кестелерінен аптасына кем дегенде 20-40 сағатын босатуы керек.
Айта кетейік, процестің өзі белсенді оқыту әдістемесі бойынша өтеді. Мұғалімдердің сөзіне сүйенсек, студенттер тапсырма жауаптарын өздері тауып, жобаларды бірлесіп жасайды.
Авторы: Ақзер Сегізбай