Поэтикалық бай тіл, мәңгілік тақырып пен жастардың албырт сезімі. «Астана Балет» театры маусымның көптен күткен оқиғасы «Ромео мен Джульетта» балетінің премьерасын ұсынады. Қойылым 30 қараша мен 1 желтоқсан көрерменге жол тартады. Әйгілі композитор Сергей Прокофьев жазған Шекспирдің классикалық трагедиясы режиссер Владимир Яковлевтің қойылымында жаңаша сахналанды. Шығарма желісі Ромео Монтекки мен Джульетта Капулеттидің қарым-қатынасына құрылған. Екеуі Веронадағы біріне-бірі қас екі отбасының өкілі. Ромео мен Джульетта отбасыларының қырғи-қабақ арпалысы қасіретке алып келеді. Ромео мен Джульеттаның сезімі – жауласқан отбасы мүшелерінің жүрегін елжіретіп, өшпенділіктің түбінде орға жығатынына, сүйіспеншіліктің асыл табиғатына көпшіліктің көңілін тағы бір аударады. Театрдың көркемдік жетекшісі Нұрлан Канетовтың айтуынша, Спектакль Шекспирдің түпнұсқа мәнін сақтай отырып, қазіргі замандағы көкейкесті мәселелерді қозғайтындай етіп интерпретациялаған.
Нұрлан Қанетов, «Астана Балет» театрының көркемдік жетекшісі:
Бұл ауқымды спектакль. Қойылым көпшілік сахналардың болуымен дараланады. Біз әрбір детальге мән беруге тырыстық. Бұл декорацияның көптігі, костюмдердің де ерекшелігі. Біз ұзақ уақыт бойы дайындалдық. Тағы бере ерекше айта кетер жайт. Артистеріміз рапирамен көп жұмыс істеп, тіптен оны шебер меңгеріп алды. Қойылымда кескілескен қоян-қолтық ұрыстар көп болады.
Владимир Яковлев, балетмейстер-қоюшы:
Бұл – өте қиын спектакль. Би ретінде ғана емес, актерлық ойын тұрғысынан алып қарасақ та оңай емес. Себебі, драманың бұл қойылымдағы рөлі ерекше. Өте үлкен актерлік шеберлікті талап ететін Тибальт, Меркуцио, тіпті, сайқымазақтар. Аздаған комедиялық тұстары да жоқ емес. Барлық актердың шеберлік қырларын ашу керек болды. Ол үшін осы спектакльмен өмір сүру керек. Жай ғана жұмыс істеу жеткіліксіз.