Нобель сыйлығының лауреаттары, сондай-ақ халықаралық компаниялардың басшыларына тікелей сұрақ қою. Осындай мүмкіндік Астана тұрғындарына қолжетімді болып отыр. Елордада Nobel Fest шарасы өтіп жатыр. Оған бірден 6 елдің, соның ішінде Әзербайжан, Қытай, Германия, Түркия, Пәкістан және Өзбекстанның жас ғалымдары қатысуда. Айта кетерлігі, технологиялық, ғылыми-танымдық ең ірі халықаралық коммерциялық емес шара осымен бесінші рет өткізіліп отыр. Осы уақыт ішінде екі жүз елден жарты миллионға жуық IT маман, инженер мен астрономдар және басқа да сарапшылар онлайн пікірталастарға қатысты. Фестивальдің мақсаты – жаһандық ғылымды әлемнің кез келген бұрышында қолжетімді ету.
Мақсат Курбенов, Nobel Fest ұйымдастырушысы:
Дәстүр бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары соңғы ғылыми жетістіктердің ретрансляторы болып есептеледі. Сондай-ақ, ол дамушы елдер үшін не болғаны, ненің қазір өзекті екені маңызды емес. Оларды алдағы уақытта не болатыны қызықтырады. Дәл осылай Оңтүстік Корея мен Тайвань жасады.
Артём Оганов, Nobel Fest қатысушысы:
Биыл Нобель фестивалі 5-ші рет ұйымдастырылып отыр. Бұған дейін шара тек онлайн форматта ғана өткен. Бүгін біз үлкен алаңда кездесіп, ғылымның түрлі саласына қатысты өзекті тақырыптарды талқылауға мүмкіндік алдық. Фестивальға көп студент келді. Олар әлемдік деңгейдегі ғалымдардың жаңа зерттеулері мен идеяларымен танысты.