Қазақстандық Мария Әуезова – Эверест базалық лагерін бағындырған алғашқы мүмкіндігі шектеулі әйел. Ол 14 күн бойы тауға мініп, 60 шақырымды еңсерді. Қазіргі таңда Мәскеу қаласындағы клиникалардың бірінде 3 апталық оңалтудан өтіп жатыр. Онда оған арнайы биометрикалық протез дайындалған. Ал жаңа протездерге бейімделу үшін оның жары Мұхтар Әуезов пен жаттықтырушысы Вадим Цхе көмектесіп жатыр. Енді альпинист қыз аяққа тұруды мақсат етіп отыр.
Мария Ауезова, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:
- Осыдан 1,5 жыл бұрын маған Эверестке шығатынымды айтса мүлдем сенбес едім. Десе де үмітімді үзбедім. Сенің арманыңды арқалап жүрген жақын жандарға да сенген жөн. Бастысы көздеген мақсатыңа берік болу керек.
Вадим Цхе, жаттықтырушы:
- Бастысы протезде тұрып үйрену, ешкімге тәуелді болмай бұрыңғы өміріне қайта оралу. Кейін қалауы болса тауға тағы шығар. Бірақ әзірше өздігінен жүріп, жаңа өмірге бейімделуі керек.