Ғалымдар алғаш рет Қазақстанның жерасты су қорларын цифрландырды

Ғалымдар алғаш рет Қазақстанның жерасты су қорларын цифрландырды

Қазақстанда алғаш рет ғалымдар жер асты суларының қорларын цифрландырды. Дереккөздерді зерттеу барысында елде гидрогеологиялық сандық атлас пайда болды. Оны жасау кезінде Алматы гидрогеология және геоэкология институтының қызметкерлері геодезиялық қызмет пен басқа да ведомстволардың деректерін пайдаланды. Жүйеге әрбір жеке ауданда тұзды немесе тұщы су қоры туралы ақпарат енгізілген. Әзірлеушілердің айтуынша, цифрлық платформа су ресурстарын тиімді басқаруға және ылғал тапшылығымен күресу бойынша шешім қабылдауға көмектеседі.


Данияр Сапарғалиев, Гидрогеология және геоэкология институтының жауапты хатшысы:


Жер асты сулары маңызды пайдалы қазбалардың бірі және су қауіпсіздігінің стратегиялық ресурсы. Сондықтан оларды зерттеуге соңғы жылдары ерекше көңіл бөлініп отыр. Суға сұраныстың өсуі мен климаттың өзгеруі кезінде атлас су ресурстарын тиімді пайдалану, қорғау және басқарудың негізгі құралы бола алады. Карталар жер асты суларының қалыптасу мен таралу жағдайын, сапасын, олардың қорлары мен режимін сипаттап, визуалды көрсететді. Бұдан басқа карталарда минералды, термалды және өндірістік сулардың таралуы және еліміздің аумағындағы гидрогиологиялық тұрғыда экологиялық жағдайын қамтиды.

Сонымен қатар, ғалымдардың айтуынша, климаттың өзгеруі жағдайында Атлас су тапшылығы қаупін болжауға және жағымсыз салдарды болдырмауға көмектеседі. Ол Қазақстанның өңірлері арасында ресурстарды тиімді бөлу үшін объективті базаны қамтамасыз етеді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?