Қазақстанда жұқпалы емес аурулардан мерзімінен бұрын қайтыс болғандар саны 25%
азайып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мақсатты көрсеткішіне қол
жеткізілді. Жалпы және нәрестелер өлімі 15% астамға төмендеді. Президент
Қасым-Жомарт Тоқаевқа денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі жай-күйі мен саланы
дамыту әлеуеті жөнінде есеп берілді. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал
Әлназарованың айтуынша, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, онкологиялық
қызметті дамыту шаралары жалғасып келеді. Астанада Ұлттық ғылыми онкология
орталығы құрылысы аяқталып, Протонды терапия орталығы ашылды. Соңғы 2 жылда
фармацевтика өнеркәсібіне салынған инвестиция көлемі 2,3 есе, ал өнім экспорты 2
есеге жуық өскен. Дәрі-дәрмектің 400 астам түрін өндіру бойынша 6 инвестициялық
келісім жасалды. Президент медициналық қызмет сапасын арттыру, цифрлық жаңғырту
жұмыстарын жеделдету бойынша бірқатар тапсырма берді.

