Еуропада коронавирус жұқтырғандар саны қайта көбейді. Эпидемиологтардың айтуынша, омикрон штамының субварианттары инфекцияның кезекті толқынына әкелуі мүмкін. Қазірдің өзінде Австрия, Германия, Греция, Испания, Италия және Швейцарияда өсім байқалып отыр. Ковид-19-дың таралуы бойынша антирейтингте Португалия көш бастап тұр. Соңғы бір айда онда жарты миллионнан астам жаңа жұқтыру жағдайы анықталды, өз кезегінде мұнда өлім-жітім де артты. Францияда маусым айының басынан бері науқастар саны екі есеге өсті. Жергілікті билік тұрғындарға, әсіресе, қарт адамдарға тағы да ревакциналаудан өтуге кеңес беріп жатыр.