«QazVac» вакцинасының 100 мың данасы өңірлерге жеткізілді. Келесі легі аймақтарға үстіміздегі ай соңына дейін жөнелтіледі. Бұл жөнінде бүгін арнайы брифинг барысында бірыңғай отандық дистрибьютер «СҚ-Фармация» басшысы мәлімдеді. Ерхат Есқалиевтің айтуынша, бұған қоса қазір қолда «CoronaVac» екпесінің 500 мың дозасы бар. Өңірлерге 12 маусымнан кейін жіберіле бастайды. Сондай-ақ қазіргі таңда «Hayat-Vax»-тың да 1 млн дозасы сатып алынып, елді мекендерге тасымалданып жатыр. Жалпы қатерлі індетке қарсы иммундау науқаны басталғалы өңірлерге 4,4 млн доза екпе жеткізген. «Маңызды үрдіс жоспарға сай жүргізілуде», – дейді спикер.
Ерхат Есқалиев, «СҚ-Фармация» ЖШС басшысы:
- «Спутник V» вакцинасының 10 млн 280 мың дозасы сатып алынды. Оның ішінде ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап өңірлерге бірінші компоненттің 1,9 млн дозасы және екінші компоненттің 1,4 млн. дозасы жөнелтілді. 1 маусымға дейін бірінші компоненттің 1 млн 200 мың дозасын және екінші компоненттің 525 мың дозасын жөнелту аяқталды.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов