Пандемияның салдары, әсіресе, әйелдер үшін ауыр болды. Жұмыссыздық артты, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен әлеуметтік проблемалар жаңа жағдайға бейімделуге мәжбүр етті. Бұған қарамастан, әйелдер коронавируспен күрестің алдыңғы шебінде жүр. Алайда басшылық қызметтерде әйелдердің үлесі неге аз? Әйелдер неліктен дәстүрлі рөліне оралды? Олардың еңбек нарығына қатысуы әлемдік экономикаға миллиардтаған доллар тартуға қалай сеп бола алады? Қазақстандағы гендерлік теңсіздікпен күресте қандай саяси тәсілдер тиімді бола алады және қыздар әкелерінің өзгеруіне қалай әсер етеді? Түйткілді мәселенің түйінін IMPACTFUL бағдарламасында Еуропаның қайта құру және даму банкі гендерлік және экономикалық инклюзия жетекшісі Барбара Рамбусекпен бірге тарқатамыз. Ләззат Шатаеваның авторлық жобасының жаңа шығарылымында тамашалаңыз.