Дүниежүзілік банк болжамына сәйкес, 2021 жылы Орталық Азия елдері экономикасының қалпына келу қарқыны 3,6% болады. Алайда өсімді қамтамасыз ету үшін COVID-19-ға қарсы вакцинасының сәтті жүзеге асырылуы және мемлекеттік бағдарламалар мен реформаларды қайта қарау маңызды.
Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Лилия Бурунчук «Impactful» бағдарламасына берген эксклюзивті сұхбатында Қазақстан пандемиядан қашан ес жиятынын айтты. Ол вакцинациялау қарқыны төмен елдерде неге экономиканың қалпына келуі бәсең жүретініне тоқталды. Сондай-ақ адами капитал сәтті мемлекет кілтіне айналуы үшін не істеу керектігі жайлы ой қозғады.
Лилия Бурунчук Қазақстан қалай дамыған елдер қатарына ене алатынына және Орталық Азия мемлекеттері инвестиция тарту үшін не істеу керектігіне қатысты кеңес берді. Маңызды сауалдар жауабын Ләззат Шатаеваның авторлық бағдарламасынан біле аласыз.