Сән көрсетілімдері арқылы алда қандай
жаңашылдық болатынын болжауға болады. Дәл қазіргі кезең түрлі идеяны ойлап
тауып, стиль қалыптастыратын уақыт. Бүгінгі сән индустриясы адамның сенімі мен
өлшеміне қарамастан, барлығының мүддесін ескереді. Ал, Eurasian Fashion week
осы ортақ құндылықтарды дәріптеуші. Еуразиялық сән апталығының «Әйелдің болашағы» ұраны әлемде әйелдердің рөлі мен ықпалын кеңейтудің жаһандық үрдісін қолдайды.

