«Астана балет» театрындағы әр кеш жай ғана шоу емес, сырға толы ғажайып кеш
іспетті. «Қозы көрпеш – Баян сұлу» балеті де сондай шығармашылықтың жарқын
көрінісіне айналды. Яғни, сезімді қозғап, жүректі тербейтін туынды. Бұл қазақ
эпосының желісімен қойылған қарапайым спектакль ғана емес, ұлттық хореографияны
сақтай отырып, өнер тілін әлемдік деңгейге көтерген толыққанды балет болды.

