Суретте 1963 жылы болған оқиға бейнеленген. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан астанасынан 55 шақырым жерде болған табиғи апаттың салдары. Шілде айының шіліңгір ыстығы Есік өзенінің жоғарғы ағысындағы тасқынға себеп болды. Сел Есік өзені мен онда демалып жатқан адамдарды түгелдей басып өтті. Түнге қарай бөгет жарылып, сел Есік ауылына қарай беттеді.