XIX-XX ғасырлардың тоғысында белгісіз автор қазақ ауылындағы маңызды оқиғалардың біреуін суретке түсіріп алды. Суреттің астында «Қырғыздардың көшуі» деген жазу бар (1925 жылға дейін қазақтарды қырғыз деп атап келді). Аттылы-түйелі адамдар тізбегі көп ұзамай жолға шыққалы тұр, бірақ әлі киіз үйлерін жығып, дүниелерін тиеп, малдарының бас-аяғын жинап алулары керек. Бұлар ру ақсақалдары, осы ауылдың жайлауы деп, белгілеп берген жерге көшіп бармақшы.
Мұқият қараңызшы, мына топтың арасында қолшатыр ұстаған бір адам тұр. Сірә, ел аралап жүрген саяхатшы болуы керек, немесе көшті көрейін деп келген шенеунік шығар. Тіпті елде жоқ дүниесін көрсетіп, бір мақтанып қалуды көздеп тұрған, осы елдің сұлтаны болуы да мүмкін.