1993 жылы еліміздегі ұлттық валюта екі жыл бұрын құрылды. Оны «теңге» деп атады, дерек бойынша ортағасырлық түркілер ұсақ күміс монеталарды «денге» немесе «таньга» деп атаған, бұл атаудың түп тамыры ақша сөзінен шыққан. Алғашқы айналымдағы «1»‚ «3»‚ «5»‚ «10»‚ «20» және «50» теңгелік банкноттар Англия кәсіпорындарында басылған, ал ұсақ тиындар Германияда шығарылған. Алайда ақшаны шетелде шығару Қазақстан экономикасы үшін тиімсіз екені бірден белгілі болды. Сол себепті Алматыдан банкнот фабрикасын салу қолға алынды.
Бұл сурет 1995 жылдың 19 мамырында кәсіпорынның ресми ашылу рәсімінен кейін түсірілген. Фотосуретте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көптеген журналистермен және телеоператорлармен бірге тұр.