Кейбір жорамал бойынша, бұл сурет орыс тарихшылары мен этнографтарының Қазақстандағы ғылыми эспедициясы кезінде түсірілген фотосуреттер топтамасына жатады. ХІХ ғасырда бұл жерге зоолог Иван Поляков, деректі-фотограф Константин Де-Лазари, Петербург этнографиялық мұражайының негізін қалаушылардың бірі Самуил Дудин және басқа да көптеген адамдар келді. Олардың бәрі қазақтардың сол дәуірдегі тұрмысын суретке түсіріп алуға тырысты. Мына суретті де солардың біреуі түсірген болуы мүмкін.