Елордада жыл басынан бері 4 мыңнан астам бала коронавирус инфекциясымен ауырған. Мұндай мәліметтер санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінде жарияланды. Олар мектеп оқушылары арасында ковид инфекциясының жоғары деңгейі тіркелгенін атап өтті. Ауру жұқтырғандардың үштен бірі – балабақша тәрбиеленушілері. Ал негізгі өсім 12 қаңтардан кейін тіркелген. Сондай-ақ балалар вирусты көбінесе ата-анасынан жұқтырғаны анықталды.