Елордада Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Астанада Талғат Бигелдиновтің туған күніне орай, Кеңес Одағының екі мәрте батырының ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Аты аңызға айналған ұшқыш-шабуылдаушыны еске алуға қалалық этномәдени бірлестіктердің, Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, жастар және әкімдік өкілдері келді. Даңқты ұшқыш дұшпанның 7 ұшағын атып түсіріп, 300-ден астам жауынгерлік ұшуларды жасады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін де әскери-әуе күштерінде қызметін жалғастырып, сонымен қатар қазақстандық авиацияны дамытуға күш салды. Талғат Бигелдинов 92 жасында өмірден өтті. Бірақ батырдың есімі әрдайым қазақстандықтардың жүрегінде сақтаулы.

Сансызбай Есілов, Астана қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы:

- Мәскеуде инженерлік-құрылыс институтын бітіріп, Қазақстанда азаматтық авиация саласында жұмыс істей бастады. Ол әуежайлардың, ұшу-көтерілу жолақтарының құрылысымен айналысқан, ал осы ұшу жолағын Астанада және Қазақстанның бірнеше қаласында салған. Сондықтан, ол Ұлы Отан соғысы кезінде ғана емес, одан кейін де біздің еліміз үшін, біздің Қазақстан үшін көп еңбек етті.